Есенберлиннің Мемлекеттік сыйлықты алмағаны дұрыс екен!
Бізді мектепте Ілияс Есенберлиннің КСРО Мемлекеттік сыйлығын алуына өзіміздің қазақ жазушыларының үстінен жазылған арыздары түрткі болды деп оқытты. Ал дәл сол сыйлыққа ұсынылған басқа грузин жазушысының артынан бір вагон вино ма, тартулар ма жіберілген-мыс. Дұрысына келгенде, сол арыздар әділетті деп ойлаймын. Себебі Есенберлиннің тарихи романдары қанша жерден құнды, қызықты, танымал десек те, жазушы ретінде оның Әзілхан Нұршайықовпен деңгейі бір. Олар әдебиетті сүйген жандар, бірақ талантты емес еді. Есенберлин мен Нұршайықовтың қай шығармасы да «тәтті» де «ащы» да емес. Сатыбалды айтпақшы, «кемтар дүниелер». Есенберлиннің сыйлықты алуына кедергі болған арыздар қызғаныштан емес, әділеттікке ұмтылғаннан жазылған сияқты маған. Әрі сол сыйлыққа ие болған Нодар Думбадзенің кітабын оқығанда, екі жазушыны бір-бірімен салыстыруға келмейтінін түсіндім. Нодар Думбадзе — керемет жазушы, ерекше адам екені шығармаларының әр абзацынан көрініп тұрады. Оқыған адам оның бірден фанаты болатынына сенімдімін. (бәрі емес)Интернеттен осы бір кісінің бірлі екілі шығармасын оқып, ойларыңызбен бөліссеңіздер екен.
Әрі қарай